jasqazaq.kz

Отандық медицина мамандары тәжірибе алмасты

05 желтоқсан 2019, 11:16

University Heart Center (Австрия) профессоры Кристиан Волман КІАҒЗИ әріптестерімен еліміздің және Өзбекстанның интервенциялық кардиологтарына шеберлік класс өткізді

Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Алматы, Талдықорған, Атырау, Тараз, Петропавловск қалаларының интервенциялық кардиологтары, электрофизиологтары, аритмологтары, сондай-ақ Өзбекстанның интервенциялық аритмологтары үшін Клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология бойынша оқыту циклы өтті.
Курсты өткізуге Санкт Пёлтен (Австрия) қаласының University Heart Center профессоры, доктор Кристиан Волман – қондырғыларды импланттау және электродтарды эндоваскулярлық экстракциялау жөніндегі жетекші сарапшы (электрод экстракциясы – оның тамыр қабырғасы және миокардпен жалғасатын жерлердегі фиброзды тіндерден қауіпсіз бөлінуі). Сондай-ақ Доктор Кристиан Волман тыңдаушыларға синустық түйіннің әлсіреу синдромы, оны емдеудің заманауи тәсілдері туралы айтып берді. Жүрек ырғағы және өткізгіштігінің бұзылыстары бөлімшесінің жетекшісі, аритмолог дәрігер, жүрек электрофизиологы Роин Реквава тыңдаушыларды жүрек ырғағының бұзылыстарын емдеудің заманауи интервенциялық әдістерімен таныстырды. Ол жүрекалды фибрилляция барлық инсульттардың шамамен үштен бір бөлігінің себебі және дененің басқа жерінде пайда болатын ұйыған қанның жарылып, қан ағысы арқылы миға құйылған кезінде туындайтын эмболиялық инсульттің негізгі себебі болып табылатындығын атап өтті.
Іс-шара барысында профессор Кристиан Волман және Роин Реквава операция жасап шеберлік класын өткізді.
6 және 7 желтоқсанда Кризистерді зерттеу орталығының (Каунас, Литва) кардиолог дәрігерлері курс тыңдаушыларын жүрекалды фибрилляциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерімен таныстырады. Сонымен қатар «Жүрекалды фибрилляциясы кезіндегі криоаблация» тақырыбында шеберлік класы өтеді.
Өз ісінің шебері болған осындай мамандардың шеберлік кластары әр маманға барлық жиналған ақпаратты жүйелендіруге және оны тәжірибеде ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ аритмологиялық интервенциялық араласуларды көрсету бойынша жетекші орталықтардың бірі болып табылады. Тек қана 2019 жылы 800-ден астам, ал 3 жылда – 2500-ден астам операция жасалды.

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда