jasqazaq.kz

Отандық кәсіпкерлер бірінші ұзақмерзімді оффтейк-шарттарға қол қойды

30 қараша 2018, 13:11

«KEGOC» АҚ мен «Asia Trafo» ЖШС, сондай-ақ «KazTransOil» АҚ мен «KMG Automation» ЖШС бірінші ұзақмерзімді оффтейк-шарттарға қол қойды. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасымен отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету, импортты алмастыру мақсатында қолға алынған, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Аталған жоба Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға жәрдемдесу және жаңа өндірістерді құру бағдарламасы, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған меморандум аясында жүзеге асырылуда. Келісім биылғы жылы жазда күшіне енді. Оған сәйкес Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бағдарламаға қатысуға қызығушылық білдіретін отандық компанияларды табады, ал Қор оларды кепілдендірілген тапсырыстармен қамтамасыз етеді.

«Бұл бастамалардың іске асырылуы жаңа өндірістерді құру, жұмыс орындарының санын және бюджетке түсетін салық түсімдерін ұлғайту бағытында бизнестің инвестициялық белсенділігін ынталандырады»,- деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов.

Қордың мәліметтеріне сүйенсек, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2 млрд теңгеге жуық көлемде кепілдендірілген ұзақмерзімді тапсырыспен қамтамасыз етуі арқасында «Азия Asia Trafo» ЖШС импортты алмастыратын жоғары вольтті құрал-жабдықтарды шығару өндірісін оң жолға қойған. Сонымен бірге жаңа жұмыс орындары құрылып, таяу және алыс шетелге экспортқа шығаруға бағытталған өндірісті дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы түзілді.

«ҚазМұнайГаз» тобы компанияларымен жасалған кепілдендірілген оффтэйк-шарттың арқасында жаңа «KMG Automation» кәсіпорнына кемінде 250 млн теңгеге қысым датчиктерін құрастыруға тапсырыс беріледі. Кәсіпорын қысым датчиктерін Қазақстанда және таяу шет елдерде аналогы жоқ озық технологиялардың негізінде шығарады.

Ұзақ мерзімді оффтэйк шарттар – бұл тапсырыс берушілердің үлкен көлемде импортталатын тауарларды сатып алу бойынша кейінгіге қалдырылған міндеттемелері. Бұл тауарлардың арасынан елімізде игеруге болатын түрлері анықталады. Осылайша импортты алмастыру және жаңа трансферттік технологияларды тарту көзделіп отыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді