Халықаралық Тәттілер күні және сарапшылар мен мамандар командасы жылдық жиналысының қорытындысы бойынша, «Шин-Лайн» компаниясы журналистерге және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларына Компанияның қызметіне ақпараттық қолдау көрсетіп, кәсіпорынның Қазақстандағы балмұздақ өндіру саласының дамуына қосқан үлесін жария еткені үшін алғыс білдіреді.
Қазақстандық БАҚ-ның 2019 жылғы жарияланымдары мониторингісінің қорытындысы бойынша компания мамандары өз бағыттарында көшбасшы болып табылатын отандық кәсіпорындардың жұмысын жариялаудың маңыздылығын атап өтті. «Шин-Лайн» компаниясының өткен жылғы оқиғаларына БАҚ-тың ашық және жедел үн қатуы тұтынушылар мен нарықтың басқа да қатысушыларына тамақ өнімдерін өндіру стандарттарына және олардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптарды, жалпы өндіріс жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін және компанияның білікті кадрларының жұмыс нәтижелерін көрсетті.
«Шин-Лайн» «Форбс Казахстан», «Россия 24», «Курсив», The Steppe сынды бұқаралық ақпарат құралдарын компания қызметіне қызығушылық танытып, қолдау көрсеткендері және балмұздақ нарығында болып жатқан үрдістер мен өзгерістерді жариялағаны үшін шынайы алғыс білдіреді. Біздің ынтымақтастығымыз Компанияның отандық нарықтағы, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Моңғолия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Белоруссия сияқты елдердің экспорттық нарықтарындағы позицияларын нығайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, кадрлық әлеуеттің өсуіне және біздің өнім қоржынының кеңеюіне әсер етті, «Бахрома», «Мишка на полюсе» және «Бомба» жетекші брендтерінен басқа, біздің барлық тұтынушыларымыздың таңдаулары мен талғамдарын қанағаттандыруға арналған жаңа өнімдер үнемі пайда болуда», — деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин.
Осы маусымда компания «Шин-Лайн» балмұздағының сатылу өсімі — 20%-дан астам заттай және 30%-дан астам ақшалай көрсеткіште. «Шин-Лайн» балмұздағының экспорты ақшалай көріністе 2,23 есеге артты. Ал компания түсімінің құрылымындағы экспорт үлесі 7%-дан 12%-ға дейін өсті. Өткен жазда «Шин-Лайн» балмұздағын Беларусь, Әзірбайжан, Тәжікстан сияқты базарларда тұтынушылар оң қабылдады. Компанияның экспортты одан әрі арттыру жөніндегі жоспарлары мен тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру стратегиясы бар, Қазақстанда да, сондай-ақ қазірдің өзінде өнімдерінің барлық жаңа дәмдері таныстырылған басқа да елдерде инновациялық және тек сапалы шешімдер ұсынатын болады. Атап айтқанда, Украинада, оның орталық бөлігінде және Одесса облысында сатылымдарды бастау мүмкіндігі қарастырылуда. Бұдан басқа, Грузиядағы серіктестермен келесі жылы сатылымдар туралы келіссөздер жүргізілуде.
Осы жазда компания үшін бірден бірнеше маңызды оқиға болды. «Шин-Лайн» отандық индустрияны дамытуда белсенді ұстанымға ие болғысы келеді, ол қазіргі экономикалық жағдайда өнімнің сапасын жақсартуды қамтамасыз етуі және өз нарығында да, шетелде де бәсекеге қабілеттілікті арттыруы тиіс, сондықтан ол Қазақстанның сүт одағына кірді. Мұндай бірлестік екі тараптың даму стратегиясына негізделген. Бір жағынан, Қазақстан Сүт одағының басым міндеті отандық шикізаттың жетіспеушілігін толықтыру және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Екінші жағынан, «Шин-Лайн» компаниясы Қазақстан Сүт одағына балмұздақ нарығының ұстанымдарын нығайту саласында өз тәжірибесін ұсынуға дайын.
Сондай-ақ маусым айында Қазақстандағы №1 балмұздақ өндірушісіне — «Шин-Лайнға» Ресейде Балмұздақ одағына кіру туралы куәлік берілді. Компанияның бұл салалық бірлестікке қатысуы «Шин-Лайн» үшін жаңа көкжиектер мен мүмкіндіктерді ашты, енді қазақстандық балмұздақтардың дауысы ресейлік салалық конференцияларда, көрмелерде, семинарларда естілмек. Сондай-ақ Одаққа қатысу перспективалы және жоғары бәсекелі ресейлік балмұздақ нарығын неғұрлым тиімді игеруге мүмкіндік береді. Осы маусымда «Шин-Лайн» Ресейге өз өнімдерін экспорттау көлемін заттай мәнде 40%-ға және ақшалай мәнде 50%-ға ұлғайтты.
Жыл басында әлемдегі ең танымал және беделді экономикалық басылымдарының бірі «Forbes-Ресей» Ресей нарығындағы ең табысты жаңалықтардың рейтингісін жасады. «Шин-Лайнның» «Бахрома» балмұздағы екінші орынға ие болды. Басылым 1995 жылдан бері жұмыс істейтін балмұздақ өндіру бойынша қазақстандық нарық көшбасшысы Ресей мен Еуропаны бағындыру жоспарымен нарықтың үлесі мен шекараларын кеңейту үшін «Бахрома» брэндін әзірлегенін атап өтті. Бұл жаңалықтың тұжырымдамасын әзірлемес бұрын Ресей, Қазақстан және Қытайда фокус-топтар өткізілді. Нәтижесінде компания Еуропада да, Азияда да түсінікті «Бахрома» атауын таңдап алды. Ресей нарығына бренд «Ашан», сауда желісі арқылы шықты, ал өткен жылы «Forbes-Ресей» сатудан түскен түсімді 427,5 миллион рубльге бағалады.
Осы маусымда «Шин-Лайн» компаниясы дәстүрлі түрде нарыққа жаңа өнімдерді шығарды. «Бахрома» сериясында екі қабатты fondant трюфель-қызыл апельсин және екі қабатты fondant фисташка-финик пайда болды. «Мишка на полюсте» линейкасында жұмсақ шоколадтағы «Мишка на полюсе» пломбир-зефирі және майқоспалы печеньедегі пломбирден жасалған үлкен сэндвич сияқты дәмді шешімдер ұсынылды. Сондай-ақ, «Джусики» жеміс мұздары желісі де жаңартылды.
Отандық БАҚ-тардың арқасында қазақстандықтар нарықтың үздік ұсыныстары мен отандық азық-түлік өндірісі саласындағы жаңа бағыттар туралы тез және тек шынайы ақпаратты ала алды. «Шин-Лайн» командасы мамандарының пікірінше, 2019 жылы отандық бизнесті ілгерілетуде ең ашық және белсенді БАҚ-тар: «Вечерний Алматы», «Огни Алатау», «Inbusiness», «Jas Qazaq», «Foodindustry», «Optimizm.kz».
«Шин-Лайн» журналистер мен басылымдарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді және жаңа маусымда ынтымақтастықты жалғастыруға және кеңейтуге үміттенеді, бұл отандық кәсіпорындардың елдегі және шетелдегі жетістіктерін одан әрі көрсетуге мүмкіндік береді. Компания мамандары жаңа қызықты дәмдерді даярлай бастады, ал менеджерлер компанияның стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыруын жалғастыруда.