jasqazaq.kz

Отандастарымыз БАӘ-ге визасыз кіре алады

09 ақпан 2018, 11:11

Қазақстандықтар 10 наурыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болды. Бұл туралы ҚР-дағы БАӘ елшігінің өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазақстан халқын 10 наурызан бастап осы елдің азаматтарына Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін болуға визасыз режим енгізілуімен құттықтаймыз. БАЭ-ге қош келіпсіздер», — делінген Twitter-дегі хабарламада. Ал өз кезегінде ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов осы жағдайға қатысты Facebook желісінде «Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өз азаматтары үшін визасыз режим географиясын кеңейту бағытындағы белсенді жұмысын жалғастырады» деп пікір білдірді. Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер және халықаралық әріптестік министрі, шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаянмен келіссөздер жүргізіп, осы кездесудің басты нәтижесі екі елдің азаматтарын 30 күн мерзімге визасыз кіргізуді қарастыратын құжатқа қол қою болған еді.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды