jasqazaq.kz

Отандастар қоры» өкілдерімен онлайн кездесу өткізілді

29 наурыз 2021, 19:41

Жоғары оқу орындарында білім алуға ниетті қандастардың санын арттыруға байланысты жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің №554 бұйрығының негізінде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

Атап айтар болсақ, шетелден келетін қандастардың мемлекеттік грантпен білім алуына жеңілдіктер қарастырылған. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында шетелден дайындық бөліміне көптеген қандастар Түркия, Иран, Ауғанстан, Қытай, Моңғолия, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Сауд Арабия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Ресей, Латвия, Франция елдерінен көптеп келген болатын. Мемлекеттен алғаш жылдары қандастарға ЖОО-ға түсу үшін 2 пайыз жеңілдік қарастырылса, соңғы үш жылда 4 пайыз жеңілдік қарастырылған. Әрине бұл жоғары оқу орнына түсу үшін берілген жеңілдік. Бүгінде атажұртқа келген этникалық қазақтарды қолдау аясында мемлекет тарапынан көптеген іс-шаралар атқарылып, жүргізіліп жатқаны анық. Осы орайда айта кетер болсақ, қазіргі уақытта «Отандастар қоры» КеАҚ қолдауы арқасында шетелдегі қандастармен көптеген кездесулер, әртүрлі шаралар өткізіліп жатқаны рас.

Осы аптада «Отандастар қоры» КеАҚ қолдаумен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық бөлімінде алыс-жақын шетелдерден келіп оқып, білім алып жатқан қазақ диаспора өкілдері тыңдаушыларымен онлайн кездесу өтті.

Кездесуге — ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мұхтар Кәрібай, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» директорының орынбасары Дидарбекова Наужан Әбдісаттарқызы, «Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері Меңлібаев Еркебұлан, Жұмағазиев Нұрымжан Қасымұлы, сондай-ақ, факультетіміздің басшылары мен тыңдаушылары қатысты.

Кездесу мақсаты: шетелден келіп еліміздің әр аймағында дайындық бөлімдерінде оқып, білім алып жатқан үміткерлерге «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жайында», «Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге даярлау», және «Оқу визасы, тұрақты және уақытша тіркеу, шетелдіктің тұруына ықтиярхаты, Қазақстан азаматтығын алу» мәселелері.

Кездесу барысында — Нұрымжан Қасымұлы «Отандастар қоры» жайында қысқаша тоқталып өтті. Шетелден келген қандастарға оқу мәселесіне, сонымен қоса Ұлттық бірыңғай тестілеудің ережелері мен талаптары, құжат жағынан мәселелерді анықтау, ҚР азаматтығын алу механизмдері мен виза мәселесіне жан-жақты егжей-тегжей тоқталды.

Кездесуде — «Отандастар қорының» өкілдері дайындық бөлімінде білім алып жатқан қандастарға оқу мәселесі, құжаттар рәсімдеуге тағы басқа мәселелерге байланысты сұрақтарға барынша толық жауап беруге тырысты. Қазақстанның басқа облыстарындағы дайындық бөлімдерінде оқып жатқан қандастармен кездесу өткізгендігі туралы тоқталды.

«Отандастар қоры» КеАҚ ұсынысымен өткен жылы шекараның арғы жағында қалған қандастар үшін пандемияға байланысты алғаш рет онлайн форматта ҰБТ өткізілген еді.

Ал биылғы жағдайға байланысты ҰБТ-ға қатысты сұрақтарға «Ұлттық тестілеу орталығы» директорының орынбасары Наужан Әбдісаттарқызы электронды форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жайында тыңдаушыларға кезең-кезеңімен түсіндіріп айтып жеткізді.

Тест тапсыру мерзімі мен уақыты, емтихан тапсыру үшін қалай төлем жасайтындығы туралы ақпарат алдық. Сонымен қатар, ҰБТ-ны тапсыру барысында тиым салынатын заттар жайлы да тыңдаушыларға ескертілді. Бұл кездесу үміткерлер үшін өте пайдалы болды.

Екінші мәселе әрине ол шетелден келген қандастарымызды жиі ойландырып жүрген виза, шетелдіктің тұруына ықтиярхаты, Қазақстан азаматтығын алу мәселелері жайында болмақ. Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мұхтар Кәрібай мырзаға сөз кезегі ұсынылды. Ол университетіміздің дайындық бөлімінде оқып жатқан тыңдаушылардың виза мәселесіне тоқтап, олардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Кездесу соңында «Отандастар қоры» КеАҚ өкілі Меңлібаев Еркебұлан тыңдаушылардың басқа да қойған сұрақтарына қосымша жауаптар қайтарды. Кездесуге жиналған өкілдер дайындық бөлімінде білім алып жатқан жастарға жазда жоғары оқу орындарына түсіп кетулеріне ақ жол тіледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
деканның оқу-әдістемелік және тәрбие
жұмысы жөніндегі орынбасары
М.Б.Әмірханов

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия