
Қазақстанда осымен екінші күн доллар қымбаттап жатыр. Бұл туралы KASE қор биржасына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
22 қыркүйектегі сауданың таңғы сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 423,09 теңге болды. Кеше, 21 қыркүйекте бұл көрсеткіш 421,6 теңге еді, ал жұмада, 18 қыркүйекте теңгенің долларға қатысты бағамы 420,76 теңге болды.
Осылайша, соңғы екі жұмыс күнінде доллар 2,33 теңгеге қымбаттады.