jasqazaq.kz

Осы жылдан бастап балалар мектепке бес жасынан қабылданатын болды

29 мамыр 2018, 12:05

Білім және ғылым министрлігі баланы мектепке қабылдау ережесіне өзгеріс енгізді. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап алты жасқа толмаған балалар мектепке қабылданады.

NUR.KZ. хабарлағандай, алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданатын балалар қыркүйек-желтоқсан айларында алты жасқа толатын болса, мектепке қабылданады.

«Яғни қыркүйек-желтоқсан айларында туған балалар осы жылдан бастап бірінші сыныпқа барады. Олар күнтізбе бойынша жыл соңына дейін толықтай алты жасқа толады. Сондықтан мектепке қабылдануға толық құқылы. Ата-аналар да басқа білім беретін мекемелерді таңдай алады. Оқудан бас тартқан жағдайда ата-аналар мен оқушының заңды өкілі тұрғылықты мекенжайы бойынша жергілікті білім беру мекемесіне жүгінеді», – делінген білім және ғылым министрлігінің хабарламасында.

Аталған заңнама Қазақстан үкіметінің 2018 жылғы 10 мамырдағы шешімі бойынша жасалған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді