Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен 1997 жылдан бастап 20 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні қарсаңында қазақстандықтар тегін диагностикадан өте алады. Қазақстандық остеопороз бойынша дәрігерлер қауымдастығы, Danone компаниясы және танымал қазақстандық биатлоннан Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталёва 17-19 қазан аралығында Алматы қаласының №5 емханасында және С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ішкі аурулар клиникасында ақылы негізде осы қызметті ала алмайтын жандар үшін остеопорозды тегін диагностикалау бойынша акция өткізеді.

Остеопороз — бұл адам сүйегі тығыздығының төмендеуімен сипатталатын ауру, ал оның нәтижесі аяқ-қол мен омыртқа сүйектерінің жиі сынуына апарады.
Қазақстанда, остеопороз бойынша қазақстандық дәрігерлер қауымдастығының мәліметтері бойынша, остеопороздан 55 жастан асқан әйелдердің 30%-ы, ал ерлердің 10-20% зардап шегеді. 2012 жылдан бастап елде остеопороздың таралуы 60% — ға өсті, бұл жағдайды мамандар аталмыш кеселді диагностикалау әдістерін жетілдірумен және Қазақстанда өмір сүру ұзақтығының өсуімен байланыстырады.
Гүлжан Ғабдуллина, остеопороз бойынша дәрігерлер қауымдастығының Төрайымы, медицина ғылымдарының кандидаты:
— Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні қарсаңында біз қоғамның остеопороздың алдын алу, оны диагностикалау және емдеу туралы құлағдарлығын арттыру үшін осы «21 ғасырдың мызғымас індеті» мәселесін тағы бір мәрте көтергіміз келеді. Дәрігерлер қауымы, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен белсенділер өз күш-жігерін біріктіре отырып, қазіргі уақытта остеопорозды денситометрия арқылы дер кезінде диагностикалауға болатынын, ал аурумен күрестің ең тиімді шараларының бірі сүйек тіндерінің әлсіреу процесін алдын алу екендігін қоғамға жеткізгісі келеді. Мұнда шешуші рөл атқарады деп дұрыс, балансталған тамақтану және кальций мен D витаминіне бай сүт, қышқыл сүт өнімдерін рационға қосуды айтуға болады.

Остеопорозды дұрыс диагностикалаудың «алтын стандарты» – денситометрия. Сүйек денситометрлерінің көмегімен сүйек тінінің тығыздығы өлшенеді және остеопороз анықталады, оның сатысын білуге мүмкіндік бар. Бірақ бұл қымбат құрал-жабдықтар Қазақстанда әзірге аз және негізінен, олар жеке клиникаларда. Сондықтан, Дүниежүзілік остеопорозбен күрес күні қарсаңында алматылықтарға берілетін тегін тестілеуден өту мүмкіндігі шынымен — ерекше бастама.
Тамақтану тұрғысынан остеопороздың алдын алу рационда екі элемент — D витамині және кальций болуымен негізделеді. Бұл дуэт әрқашан да бірін-бірі толықтырып қатар жүріп отыруы орынды. Құрамында кальций бар өнімдер адам баласының мәзірінде жастайынан бастап үнемі болуы қажет. Дұрыс тамақтану арқылы, біз сүйек тінін нығайтып, остеопороздың алдын ала аламыз.