jasqazaq.kz

Қостанайлық дәрігерлер қыздың ішінен бір уыс шаш шығарып алды

10 маусым 2017, 15:40

Қостанай облысының хирургтары 16 жастағы қыздың асқазанынан бір уыс шашты шығарып алды.

Дәрігерлердің айтуынша, 16 жастағы қыз жыл басында өзін жайсыз сезіп, асқазанының ауыратынын айтқан.

«Бойжеткен құсып, ақырында біздің ауруханаға түсті. Қызды тексеріп, ФГДС жасадық. Сол кезде-ақ қыздың ішінде артық зат бар екені анықталды», – деді балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий.

Хирургтың сөзіне қарағанда, ата-анасы перзентінің шаш жұтқанын бала кезінде байқай алады, ал ересек жастағы баладан мұны аңғару қиын.

“Баласы сұйық тағам ішпей қойса да, ата-анасы уайымдай бастайды. Себебі асқазан-ішек жолдарынан астың өтуі қиындайды. Бұл жағдайда қыздың ішінде шаш көп болғандықтан, оны өңеш арқылы алу мүмкін болмады. Сол себепті операция жасауға тура келді», – деп атап өтті дәрігер. Бұл туралы alau.kz хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде