jasqazaq.kz

Қостанайлық 10 жасар баланың өлімі: Істің адамшошырлық мән-жайы анықталды

01 шiлде 2017, 16:03

Қостанайда өлі табылған 10 жастағы Ришат Харикоғлыға қатысты жаңа деректер пайда болды. Басылымның мәліметінше, полицейлер бұл қайғылы оқиғада криминалдық деректерді анықтады.

Тергеу барысында бала суға батып кеткен сәтте жалғыз болмағаны белгілі болды. Еске салайық, Ришат Харикоғлы 24 маусымда «Садовод-Строитель-КСК» саяжайында жоғалған. Мұнда ол туыстарына қонаққа келген. Баланы үш күн іздестірген, кейіннен полицейлер баланы Тобыл өзенінде өлі күйінде тапқан болатын. Ришаттың өзенге үш досымен бірге барғаны анықталды. Бала батып бара жатқан сәтте досы оған көмектеспек болған, бірақ өкінішке қарай, ол Ришатты құтқара алмаған. Содан балалар қорыққандарынан оның киімдерін көміп тастап, бұл жағдай жайлы ешкімге ештеңе айтпаған. Үш күн бойы үн-түнсіз жүрген. Прокуратура өкілдері балаларды ювеналдық полицияға есеп қойғандарын және оларға қатысты басқа жазаның қолданбайтынын айтып өтті. «Олардың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ, себебі олар бұл қылмыстың субъектісі емес. Кәмелетке толмаған балалардың түсініктемелеріне қарағанда мұнда қасақана адам өлтіру немесе оны суға батырып жіберу дерегі жоқ», — деді Қостанай қалалық прокурордың орынбасары.

tengrinews.kz

Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді