jasqazaq.kz

Өскеменнің маңында ұшақ құлады (видео)

26 ақпан 2020, 14:28

Әлеуметтік желіде төңкеріліп, будақтап түтін шығып жатқан ұшақтың видеосы тарап жатыр. Куәгерлер оның құлап түскенін айтады. Алайда, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің хабарлауынша, Ан-2 ұшағы қозғалтқыштың ақауларына байланысты апатты жағдайда қонған, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Орлан 2000» әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы санитарлық мақсатта Өскемен — Ақсуат бағытында ұшқанын хабарлайды.

https://youtu.be/0NRjwystyuM

Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы ақау туралы хабарлады. Әуе кемесінің командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде апаттық жағдайға байланысты қону туралы шешім қабылдады: бортта 5 адам, 3 экипаж мүшесі және 2 қызметкер жолаушы болды, делінген ҚР ИИДМ ҚАӘ хабарламасында.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ұшақтың құлау салдарынан өртеніп кеткенін хабарлады.

Салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі апатты жағдайға байланысты тергеуді бастап кетті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия