jasqazaq.kz

Өскеменнің «қара маржандары» Бразилияда бірінші-екінші келді

30 сәуiр 2019, 14:59

«Altay Athletics» клубының спортшылары Бразилияның Браганса-Паулиста қаласында өткен халықаралық жарыстың жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды Алтайньюс.

«Grande Premio Brasil de Atletismo-2019» деп аталатын байрақты бәсеке IAAF-тың (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) World Challenge сериясына енетінін айту керек.

Аталмыш жарыста бүгінде шығысқазақстандық «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубында өнер көрсететін отандастырымыз, экс-кениялық желаяқтар Дэйзи Джипкемей мен Нора Джеруто да бақ сынады. Біздің спортшылар жарыс аясында ұйымдастырылған үш мың метрге жүгіру сайысына қатысып, нәтижесінде алғашқы екі орынға ие болды. Дәлірек айтсақ, сайыс жеңімпазы Дэйзи Джипкемей аталмыш қашықтықты 8 минут 52,16 секундта жүгіріп өтсе, мәре сызығын екінші болып кескен Нора Джеруто 8 минут 53,3 секундқа тең нәтиже көрсетті.

Бұл Джипкемей мен Джерутоның жаңа маусымдағы алғашқы жүлделері екенін айтқан жөн.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде