
Адам өліміне әкелген жол апатынан кейін мемлекеттік қызметке оларған, сауда министрлігінің департаментіне басшы болып қайта тағайындалған Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев Nur Otan партиясынан шығарылған. Бұл туралы партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қуат Тумабаевтың Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаментінің директоры лауазымына тағайындалуы саяси платформаның құндылықтары мен партия мүшесінің этика кодексіне қайшы келеді.
«Осыған орай, партиялық бақылау комиссиясының ұсынысы бойынша Қ.Тұмабаев партияның беделін түсіргені үшін партиядан шығарылды», — деп жазды ол өзінің Facebook-те.
Платонов Тұмабаевты экспортты ілгерілету департаментінің директоры қызметінен босату туралы ұсыныспен министрлік басшылығының атына хат жолданғанын да хабарлады.
Еске сала кетейік, Қуат Тұмабаев 2018 жылы Риддерде болған жол апатына қатысып, 18 жастағы Евгений Смольников көз жұмған болатын.
Tengrinews.kz