jasqazaq.kz

Өскемендіктердің шаштарынан улы заттар табылды

30 қантар 2018, 18:04

Ғалымдар Өскемен қаласындағы қоршаған орта жағдайына баға беру үшін қала тұрғындарының шашын зерттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдегі Томск мемлекеттік университетінің сайтына сілтеме жасап.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, өскемендіктердің шашында жоғары мөлшерде титан концентраты, қорғасын және бірнеше ауыр металдардың түрлері анықталған.

Университетте жасалған зерттеуге химия факультеті қызметкерлерінің авторлық әдістемелері қолданылған. «Біздің зерттеу 18-70 жас аралығындағы әйел және ер азаматтардың шаштарына жасалды. Шаштың құрамы адамға әсер ететін жоғары мөлшердегі химиялық элементтердің қоспаларын жақсы көрсетеді. Талдау нәтижелері қала тұрғындарының шашынан титан, алюминий, марганец, литий, кальций және барий элементтерін көрсетті-дейді ғалым Владимир Отмахов. Айта кетсек, Өскемендегі ең үлкен токсинді тұман 1990 жылы қаладағы бериллий өндірісіндегі өртке байланысты шығарылған болатын.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды