jasqazaq.kz

Өскемендегі жылу электр орталығынан ақау шықты

29 қараша 2022, 10:46

Өскемен қаласындағы жылу электр орталығынан ақау шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылу электр орталығынан мәлім еткендей, 27 қарашада сағат 08:27-де датчиктердің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты №15 қазандық өшіп қалған.

Сағат 10:05-те аталған қазандық қайта іске қосылды. Барлық жабдықтардың жұмысын қадағалау күшейтілді.

Бұдан бөлек, желілік судың айналуына қатысты мәселе туындаған. Соның салдарынан қала тұрғындары үйлерінде жылудың азайғанына шағымданып жатыр.

«Қазіргі уақытта ЖЭО штатты режимде жұмыс істеп тұр. Онда 7 қазандық пен 6 турбоагрегат бар. 2 қазандық агрегаты кестеге сәйкес жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстарын жүргізетін мамандар саны арттырылды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін желілік судың температурасы қалыпқа келеді», — делінген ақпаратта.

Бүгін, 14:37
Сагынтай Татибаевич: Государственный язык — духовная опора нации
Бүгін, 14:24
Туркестан: за пять месяцев привлечено 614,2 млрд тенге инвестиций
15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта