jasqazaq.kz

Өскемендегі май зауытында жарылыс болды

25 желтоқсан 2017, 12:18

Өскемендегі «Май» зауытында жарылыс болды. Оқыс оқиға және онда зардап шеккендер туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап жатыр, бірақ әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен ТЖ қалалық бөлімшесіндегілер өрт немесе жарылыс туралы айтып ешкім хабарласпағанын айтады. Өрт сөндіру бөлімшелері бұл күні ешқайда шықпаған. Бүгін таралған ақпараттарға қарағанда жарылыс болған, оның салдарынан екі жұмысшы зардап шеккен. Оның бірі аурухананың травматологиялық бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалауда. Ауруханадағылар басқа ақпарат беруден бас тартты. Еңбекті қорғау мемлекеттік инспекциясының айтуынша, комиссия жасақталған. Төтенше жағдаймен өндірістік қауіпсіздік ведомствосы айналысып жатыр.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде