
Өскемен қаласындағы май зауытында шыққан өрт ауыздықталды.
Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, Степная көшесіндегі май зауытында бүгін сағат 11.10-да басталған өрт 13.30 шамасында толықтай сөндірілді. «Өрт аумағы 670 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын күнбағыс дәнін тазалау цехы мен қоймаларды шарпыған. Өртті сөндіруге 70 адам мен 20 техника жұмылдырылды» — делінген ведомство мәліметінде.