jasqazaq.kz

Өскеменде жол апатына ұшыраған жәдел жәрдем көлігі аударылып қалды

30 маусым 2021, 18:06

Өскемен қаласында жол апатына ұшыраған жәдел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 30 маусым күні Жібек маталар комбинаты ықшамауданында болды. Жедел жәрдем мен Toyota Ipsum көліктері соқтығысқан. «Арнайы жарық шамдарын қосып келе жатқан жедел жәрдем көлігі Өтепов көшесінен Сәтпаев даңғылына қарай келе жатып, реттелген жол қиылысында қызыл жанып тұрған бағдаршамнан өтіп кетті. Ал сол кезде Toyota Ipsum автокөлігі бағдаршамның қызыл түсіне өткен. Осылайша, екі көлік соқтығысып қалды», — делінген хабарламада.

Жол апатының салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылып қалды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия