jasqazaq.kz

Өскеменде жоғалып кеткен 2 қыз табылды

08 желтоқсан 2020, 10:31

Өскемен қаласында жоғалып кеткен кәмелеттік жасқа толмаған екі қыз табылды.

Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері Ананьева Арина Максимовна мен Кабанова Виктория Сергеевна 5 желтоқсанда сағат 19.30 шамасында белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Оларды қалалық полиция басқармасының барлық жеке құрамы іздеуге кіріскен болатын. Қазір екі қыз да аман-есен табылды. «Екі сағат бұрын кәмелетке толмаған екі қыздың да қайда екендігі анықталды. Виктория Кабанова жасөспірімдер үйіне өз еркімен қайтып келді. Сәлден соң Өскемен қалалық ПБ қызметкерлері Арина Ананьеваны тапқан. Алаңдауға негіз жоқ. Тәрбиеленушілермен психолог жұмыс жүргізуде. Олардың не себепті кетіп қалғаны анықталуда. Бей-жай қарамай, іздеуге атсалысқан барлық азаматтарға алғыс айтамын», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия