jasqazaq.kz

Өскеменде жер үйлер мен қаланың шеткі аймақтарын су басып жатыр (видео)

11 наурыз 2018, 15:14

Өскеменде жер үйлер мен қаланың шеткі аймақтарын су басып жатыр. Порталдың мәліметтері бойынша, қазіргі таңда 26 участок қатаң бақылауға алынды. Сонымен қатар, қалада жедел штаб құрылған.

«Таудан келіп жатқан қызыл судың ағыны жоғары, күзде тазартылған арықтардың шамасы келмей жатыр. Үйлер мен аулаларға су кірді. Бір тәуліктен асты, біз тоқтаусыз жұмыс істеп, суды сорып, дренаждап жатырмыз, толассыз жауған жауын да жағдайды қиындатты. Желіде 6 бригада, екі өзі жүретін мотопомпа, 5 қозғалмалы мотопомпа бар. Суды өткізіп тұратын құбырларды жуу жұмыстары жүріп жатыр», — деді «Өскемен Тәртіп» басшысы Тамара Рақымжанова. Қаладан шеткері орналасқан Красина, Куленовка, Шмелев, Ахмерово, Самсоновка, Аблакетка, Мирный ауылдарын да су басты. Қазір «Өскемен-Тәртіп», «Өскемен-Водоканал», «Өскемен Тепловые сети» мекемелерінің ортақ күшімен суды сору, топырақ себу және қаптарды қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Самсоновка өңірінде су тасқыны салдарынан шамамен 10 адам эвакуацияланды. Сонымен қатар, қаланың орталығындағы көшелерде де жағдай мәз емес. Жолдар шалшық, қазір «Өскемен-Тәртіп» қызметкерлері суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде