jasqazaq.kz

Өскеменде Жамбыл Жабаевқа ескерткіш қойылды

14 қараша 2019, 15:58

Өскеменде жыр алыбы Жамбылға ескерткіш қойылды. Оның есімімен аттас саябақ ішінде бой көтерген мүсіннің биіктігі 2,5 метр. Қолына домбырасын ұстаған абыз ақынның асқақ бейнесі бірнеше баспалдақтан тұратын тұғырдан мен мұндалап тұр.

Қоладан құйылған туынды авторлары алматылық мүсіншілер Сәрсен Сейітов пен Қазыбек Дулатов. Ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқандар арасында Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары да болды. Жалпы дүлділ бабамыздың есімі бұл өлкеде кеңінен насихатталып жатыр. Бүгінгі күні өңірде Жамбыл Жабаев атындағы 33 көше, 5 мектеп, 3 елді мекен және бірнеше саябақ бар. Салтанат Жамбылова, Ж.Жабаевтың немересі: — Қазақстандық қалаларды айтпағанда, Сербияда қойылды, Анкарада ашылды, Санкт-Петербургте ашылды. Украинада ескерткіш ашылды.Енді Шығыс Қазақстан облысында қойылғаны аяқ асты болды, өздері әріректен ғой, енді жоспарлаған шығар, бірақ әсеріміз шексіз, қуаныштымыз.

24.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда