jasqazaq.kz

Өскеменде үй қызметкері 130 мың АҚШ долларын ұрлаған

14 қыркүйек 2022, 17:26

Өскеменде үй қызметкері 130 мың АҚШ долларын ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ Сол жағалау ПБ-нің “102” жедел арнасына облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол үйдің астыңғы қабатында орналасқан сейфтен шамамен 130 000 АҚШ доллары жоғалғанын, бұл шамамен 61 100 000 теңгені құрайтынын хабарлаған.

Жәбірленушінің арызы бойынша полицейлер дереу қылмысты ашуға кіріскен. Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің үй қызметшісі болып жұмыс істеген 21 жастағы қыз болып шықты.

Күдіктінің айтуынша, тамыз айының басында ол сейфтен алғаш рет 10 000 АҚШ долларын ұрлаған және осы ұрланған ақшаға шетелде демалып келген. Демалыстан оралғанда қыз үй иелері ақшаның жоғалғанын байқамағанын түсінген, әрі қарай ештеңе болмағандай сол үйде жұмысын жалғастырған.

Бір айдың ішінде үй қызметкері сейфтен 130 000 АҚШ долларын алып шыққан. Бұл ақшаға ол үйлену тойын жасаған, пәтер және көлік сатып алған.

Қазіргі уақытта 21 жастағы қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде