jasqazaq.kz

Өскеменде улы газ тараған көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды

13 сәуiр 2021, 12:51

Өскемен қаласында улы газ тұмшалаған көпқабатты тұрғын үйден 40 адам эвакуацияланды.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан көшесіндегі көпқабатты үй тұрғындары құтқарушыларға хабарласып, газ иісінің сезілетіндігін айтқан. Оқиға орнына шұғыл жеткен департамент қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында 40 адамды, оның ішінде 9 баланы эвакуациялады.

«Тексеру жұмыстарын жүргізгеннен кейін құтқарушылар үй жертөлесінен 3 оттегі мен 3 газ баллонын тауып сыртқа алып шықты. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін аталған үйге қызмет көрсететін ұйым қызметкері әкімшілік жауапқа тартылды. Құтқарушылар жертөлені желдетіп, қауіптің сейілгеніне көз жеткізген соң тұрғындарға пәтерлеріне оралуға рұқсат берді», — деп хабарлады ведомство өкілдері. Осы ретте, департамент мамандары газ баллондарын тұрғын үйдің жертөлесінде сақтауға қатаң тыйым салынғандығын ескертеді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде