jasqazaq.kz

Өскеменде трамвай рельстен шығып кетті

20 ақпан 2020, 17:47

Өскемен қаласында трамвай рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға бүгін түс кезінде Қазақстан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, трамвайдың рельстен шығып кетуіне жолды қар басуы себеп болуы ықтимал. Осы ретте «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС көлік жүргізушілерінің трамвай жолдарына шықпауын сұрайды. «Өкінішке қарай, көбісі діттеген жеріне жылдам жету үшін трамвай жолына шығып кетеді. Ал мұндай қар көп жауып жатқан кезде бұл біршама қиындық тудыруы мүмкін», — дейді компания өкілдері.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия