jasqazaq.kz

Өскеменде трамвай қозғалысы тоқтады

18 ақпан 2022, 10:50

Өскемен қаласында трамвай қозғалысы тоқтады.

Бүгін сағат 09.00 шамасында Шәкәрім мен Абай даңғылдарының қиылысында трамвай қозғалысы тоқтады. Сол жерде бірнеше қоғамдық көлік жиналып қалған.

«Бұған техникалық ақау себеп болды. Оқиға орнына келген мамандар бірден жөндеу жұмыстарына кірісті. Қазіргі уақытта трамвайлар қозғалысы қайта жандана бастады», — дейді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС басшысы Михаил Чайка. Айта кетейік, биыл қалаға жаңа трамвайлар сатып алынбақ.

Жаңа қоғамдық көліктер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да ыңғайлы болады. Сондай-ақ олар қыста салондағы жылуды күшейтетін климаттық бақылау қондырғыларымен жабдықталады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде