jasqazaq.kz

Өскеменде теріс діни ағымның кітаптарын таратқан ер адам ұсталды

17 мамыр 2022, 15:48

  Өскемен қаласында теріс діни ағымның кітаптарын таратқан 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскеменде тыйым салынған діни кітаптарды таратумен айналысқан 32 жастағы тұрғынды қолға түсірді.

«Оның үйін тінту барысында «Салафия» атты деструктивті діни бағыттағы 17 кітап пен 8 диск табылған. Тәркіленген заттар облыстық Дін істері басқармасының мамандарына сараптама жүргізуге жіберілді», — делінген хабарламада.

Өскемен қаласының әкімшілік соты ер адамды ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы 4-бөлігі (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған, бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдi ҚР аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) бойынша жауапқа тартты. Осы баптың санкциясына сәйкес оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр