jasqazaq.kz

Өскеменде полиция оқ ататын автоқалам тәркіледі

28 тамыз 2020, 18:19

Өскеменде полиция тұрғыннан оқ ататын қалам тәркіледі.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті криминалды басқармасының қызметкерлері 34 жастағы өскемендіктің үйінен ерекше қаламды тапқан. Қалам пәтердің қабырғасына жасырылған.

«Криминалистің сараптамасына сәйкес, тәркіленген металл қаламнан оқ атуға болады. Ол атыс қаруы болып саналады. Оқ ататын қалам сигналды ракетаның бөлшегінен жасалған», — дейді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тұрғынның пәтерін тінту барысында газ тапаншасы мен екі пышақ тапқан.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287 бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Егер күдіктінің сотта кінәсі дәлелденсе, ол 5 АЕК көлеміне айыппұл немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық