jasqazaq.kz

Өскеменде полицейге күш көрсеткен екі жігіт ұсталды

28 сәуiр 2022, 10:43

Өскемен қаласында жол апатына түскен ер адамдар оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қабылдап көлік тізгіндеген 22 жастағы жігіт Сәтбаев даңғылында келе жатқан. Рульге ие бола алмай қалған ол жол шетіндегі көгалға шығып кетті.

«Оқиға орнына полицейлер келіп жеткен. Сол кезде көліктен шыққан екі ер адам тәртіп сақшыларына бағынбай, күш қолданды. Қастарында бір қыз болған. Қазіргі уақытта олар ұсталып, изоляторға қамауға алынды», — делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 380-бабына (Билік өкіліне күш қолдану) сәйкес тергеу басталды. Ер адамдар 7-12 жыл аралығына дейінгі мергізге бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр