jasqazaq.kz

Өскеменде өртенген үйден 13 адам құтқарылды

07 наурыз 2018, 11:13

Өскеменде бесқабатты үйден өрт шығып, екі әйел ауруханға түсті.

Таңғы сағат 6,30-да Өскемен қаласының Маяковский көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шықаны туралы дабыл түскен. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметі бойынша, қызыл жалыннан екі әйел зардап шегіпті. «1959 жылғы әйелдің екі аяғын да күйік шалған. Ал пәтер иесінің 1935 жылғы анасы түтінге уланған. Екеуі де №1 қалалық ауруханаға жеткізілді» — делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Өртті ауыздықтауға қатысқан 18 қызметкер аталмыш үйден 12 ересек адам мен 1 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Қызыл жалынның шарпуы қатты болғаны соншалық, үстіңгі қабаттағы үйлердің бәрін ыс басқан. Пәтердің 18 шаршы метр бөлігі күлге айналған. Үй жиһаздарымен бірге тұрмыстық техникалар да отқа ораныпты. Өрттің шығуына электр құрылғысын дұрыс пайдаланбау себеп болды деген болжам бар.

ҚаАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде