jasqazaq.kz

Өскеменде оқушылар үш көлікті өртеп жіберген

03 наурыз 2022, 14:18

Өскеменде 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш оқушы шетелдік көліктерді өртеген. Кейбір деректер бойынша, көліктердің бірі балалардың мұғаліміне тиесілі болған. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Зардап шеккендердің бірі полицияға хабарласқаннан кейін бейнебақылау камерасы арқылы бұзақылардың жеке басы анықталған. Ер адам күндіз BMW-сын үй маңына қойып кеткен, кейінірек көршілері көлігі жанып жатқанын айтқан.

Полиция дәл осындай жағдайда бұрын тағы екі көлік бүлінгенін анықтаған. Олар — Lexus және Nissan Liberty көліктері. Балалар бұл да өздерінің ісі екенін мойындаған. Оқушылардың іс-әрекеттерінен айтарлықтай зиян келген.

«Полиция қызметкерлері бөлімшеге 8 жастан 11 жасқа дейінгі үш кәмелетке толмаған баланы жеткізді. Қазір бұл іс бойынша ҚК-нің 202-бабы 1-бөлігі «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, өртеу, жарылыс жолымен немесе өзге де жалпы қауіпті тәсілмен жасалған елеулі залал келтірді» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деді ведомство өкілі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде