Өскеменнің 40-тағы тұрғаны жанар-жағармай стансасында кассирді тапаншамен қорқытып, екі миллион теңгені ұрлап кетті.
30 мамырда Өскемен қалалық полиция басқармасының жедел желісіне жанар-жағармай стансасы тоналғаны жөнініде хабарлама түсті, деп жазды polisia.kz.
Қоңырау шалушы түнде белгісіз ер адам танымал «Кальмар ойыны» сериалының маскасын киіп, Грейдерная көшесіндегі ЖЖҚС-на кіріп, онда кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассаторлық сөмкелерде болған 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін хабарлаған.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі:
Криминалдық полицияның жедел қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, екі сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұрланған ақша ұсталған адамның көлігінен табылды, ал тапанша күдіктінің үйінен тәркіленді, ол ойыншық болып шықты.
Ведомствоның хабарлауынша, күдікті сот санкциясымен қамауға алынды.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов:
Оның әрекеттері ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша қаралады, оның санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.