jasqazaq.kz

Өскеменде қызы діни ағымның жетегінде кеткен ана жанайқайын жеткізді

13 қыркүйек 2018, 14:42

Өскеменнің 40 жастағы тұрғыны қызының жат ағымның жетегінде кеткенін айтып, жан сырымен бөлісті. Абырой болғанда, мамандардың көмегімен адасқан бойжеткенді өзге ағымнан алып шыққан көрінеді. Бұл туралы altaynews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Өскемендік тұрғынның айтуынша, мектеп бітіретін қызы алдымен «оқуға түспеймін, жұмыс істеп отбасына көмектесемін» деген көрінеді. 40 жастағы ана жолдасымен ажырасып жатқандықтан, бастапқыда қызының бойынан қандай да бір өзгерісті байқамапты. Алайда бірде қызы «жақсы адамдарға жолыққанын, олар ақшасы көп жұмыс тауып беретінін» айтқан екен. Анасы бұған да келісіпті.

Уақыт өте келе қызы «бір адамды кездестіргенін, сонымен шаңырақ көтерітін» мәлімдеген. Анасының қарсылығына қарамастан, қызы сол бейтаныс адамға тұрмысқа шығып, үстіне «хиджаб» киген. Сосын оның намаз оқу мәнері де өзгеріп, туыстарымен, жақындарымен араласудан қалған.

Дегбірі қашқан тұрғын бірден арнайы теолог-мамандарға жүгініп, қызына кеңес беруді өтініпті. Алғашында, не анасының, не мамандардың сөзіне құлақ аспаған бойжеткен, біршама уақыттан соң, өзінікі қате екенін түсініп «бұрынғы өміріне» қайта оралыпты.

Басылымның мәліметінше, бойжеткен алдағы уақытта жоғары оқу орнына түсіп, психолог мамандығын алуды көздеп жүр екен.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді