jasqazaq.kz

Өскеменде қызға таласып қалған екі дос көз жұмды

22 шiлде 2020, 11:58

Өскеменде қыз үшін төбелесіп қалған екі жігіт көз жұмды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Екі жігіт алғашында сөзге келіспей, кейін төбелесіп қалған. Олардың біреуі абайсызда көшенің жиегіндегі бетон тасқа құлап, артынша жан тапсырған.

Аталмыш оқиға бойынша «Адам денсаулығына қасақана қиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Ал төбелестен соң екі күн өткен соң екінші жігіт көпқабатты үйдің балконынан секіріп кетеді. Тұрғындардың айтуынша, бұл пәтердегі балкон үнемі ашық тұрады. Бұған дейін де осыған ұқсас жайттар орын алған көрінеді. Полицейлер куәгерлерді тергеуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Арна мәліметінше, екі жігіт бұрыннан дос көрінеді. Екеуінің жасы 20 шамасында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия