jasqazaq.kz

Өскеменде қара малдың бас сүйектер шашылып жатыр

26 қыркүйек 2018, 11:46


Өскеменде экологтар ірі қара малдың шашылып жатқан бірнеше бас сүйегін тапты. Жартылай шіріп кеткен сүйектерді әлдекімдер қаланың орталығына әкеліп тастап кеткен.
Stan.kz жазғандай, экологиялық қауіпсіздік орталығының қызметкерлері шашылып жатқан сүйектерді кезекті тексеріс кезінде тауыпты. Әлдекімдердің бас сүйектерді сайға ұзақ уақыт бойы лақтырып келгені анық. Олардың кейбірі шіріп те кеткен.
Экологтар сойылған малда түрлі ауру болған болуы мүмкін деп шошып отыр. Ең сорақысы, шашылған сүйектер тұрғын үйлерден бірнеше метр жерде ғана жатыр. Ол жерге үй жануарлары кіріп ктеіп, әрі қарай инфекция таратуы мүмкін. Сонымен қатар сол маңда Үлбі өзені ағып жатыр. Сондықтан инфекция бар болса, оның суға түсуі де ықтимал.
Ендігі бас сүйектермен не істеу керектігін әкімдіктегілер шешетін болады. Ал сүйектерді қала орталығына әкеп лақтырып кеткендерді полция тауып, жазалауы тиіс.
«Біз ол малдың қалай өлгенін білмейміз. Ауру болды ма, сау ма, ол жағы белгісіз. Толықтай шірімеген бас сүйектерде түрлі инфекция болуы мүмкін», – дейді ШҚО Экологиялық қауіпсіздің орталығының маманы Елена Полянцева.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді