jasqazaq.kz

Өскеменде екі судья мен қорғаушы пара алғаны үшін сотталды

21 тамыз 2019, 12:16

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бұған дейін Өскемен қаласының №2 сотының судьясы Г.Қайролдинге, Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу сотының кеңсе меңгерушісі К.Байтеміроваға және қорғаушы С.Оқасоваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтаған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қайролдина Байтемірованың астыртын көмек беруі арқылы және Оқасованың арандатуымен сотталушы жасаған қылмысын жеңілдету және жазадан босату үшін Пугаевтан пара алған. 20 тамыз күні ШҚО Глубовский аудандық сотының үкімімен Қайролдина және Оқасов сот залында тұтқынға алынып, сәйкесінше 5 және 4 жылға сотталды, ал Байтеміроваға қатысты 5 жыл кейінге шегерумен 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», — делінген хабарламада. Ведомствода атап өткендей, сотталушылар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда