jasqazaq.kz

Өскеменде дүкен иесі қарулы қылмыскердің қаруын тартып алды (видео)

15 қантар 2020, 17:11

29 желтоқсанда Өскемен қаласының Полиция басқармасына азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл туралы ақпарат келіп түсті. 45-50 жастағы белгісіз ер адам қару тектес затпен қорқытып, дүкен сатушысынан арақ пен ақша талап еткен, деп хабарлайды zakon.kz Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүкеннің иесі қылмыскерден жасқанбай, қолынан қаруын тартып алған. Ер адам масаң күйде қаруын қайтарып алуға тырысады. Алайда, дүкен иесі оның басынан қарумен ұрған кезде, қарақшы дүкеннен шығып қаша жөнеледі.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, күдіктінің сипаттамасын жасайды. Қысқа уақыт ішінде жедел-тергеу тобы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 1965 жылы туған жұмыссыз ер адамды анықтап, ұстайды. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (тонау) және 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері Өскемен қаласы тұрғынының батылдығы мен батылдығын жоғары бағалап, алғыс хат пен естелік сыйлық тарту етті.

Эльмира Ибрагимовна өз әрекетімен үлкен тәуекелге бас тіккен. Сараптама көрсеткендей, ер адам оқ атуға жарамды бір ұңғылы шолақ мылтықпен дүкенге келген екен.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия