jasqazaq.kz

Өскеменде бірнеше күн көмір кезегінде тұрған ер адам өзін өртемек болды

02 қараша 2021, 11:39

Өскемен қаласында бірнеше күн көмір кезегінде тұрған ер адам өзін-өзі өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға шаһардың сол жағалауында орналасқан теміржол тұйығында болған.

«Полицияға қоңырау шалған азамат көмір кезегінде тұрған жүргізушілердің бірі көлік жолын жауып тастап, өзін-өзі өртеп жіберетіндігін айтып қорқытқаны туралы жеткізді. Сол жерге жеткен тәртіп сақшылары қолына канистр ұстаған ер адамды көрген», — делінген хабарламада.

Соңынан анықталғандай, ол – Ұлан ауданының тұрғыны. Бірнеше күн көмір кезегінде тұрған.

«Полицейлер ер адамнан канистрді тартып алып, сабырға шақырды. Жергілікті атқарушы орган өкілдері мен сатушы компания оған көмірді кезексіз беру жайлы ұсыныс жасады. Кезекте тұрған басқа азаматтар бұған қарсы болған жоқ», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жолды жауып, басқа көліктердің жүруіне кедергі келтіргені үшін Ұлан ауданының тұрғынына 10 АЕК (1 АЕК – 2917 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында көмір кезегінде тұрған әйел жүк тиегіштің көтергішіне мініп алғаны туралы айтқан болатынбыз. Кербұлақ ауданының әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсінік беріп, интернетте тараған видеоны араңдатушылық деп атады. Сондай-ақ ауданда көмір тапшылығы жоқтығын мәлім етті.

 

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр