Өскеменде балконда асылып тұрған әйел құтқарылды.
Құтқарушылардың бір тобы төменде арнайы матаны керіп, төменде ұстап тұрды. Ал департаменттің тағы бір қызметкері Шыңғыс Смағұлов төртінші қабаттан троспен төмен қарай түсіп, әйелді ұстап қалды. 40 жастағы әйелді бірден жедел жәрдем қызметі алып кетті.
Әйелдің өзіне неліктен қол жұмсағаны әзірге белгісіз.
Azattyq Rýhy