jasqazaq.kz

Өскеменде балабақшада болған жанжал видеоға түсіп қалды

04 наурыз 2021, 11:49

Өскеменде балабақша тәрбиешісі кішкентай баланы еденге атып ұрады, ал ол жылап қалады. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Өскемендегі «Арман» балабақшасында жанжал шықты. Балалардың бірінің ата-анасы тәрбиеші ұлымен қатал екеніне шағымданды. Айыпты растау үшін олар видео кадрларын көрсетті, онда тәрбиешінің баланы ұстап алып, басқалардың көзінше еденге атып ұрғаны анық көрінеді. Бала жылай бастайды, ол басқаларға жүгіріп барады, бірақ тәрбиеші оған қайта жақындап, итере бастайды. Бала еденге құлайды. Жылайды. Мұнда балабақшаның басқа да қызметкерлері жүр. Олар бәрін көріп тұр, бірақ тәрбиешіні тоқтатқан жан жоқ.

Видеодан тәрбиешінің баланы өзімен алып кеткенін көруге болады.

«Балаға балабақшада жақсы дейсіз бе? Бала балабақшада қорқады. Міне, қайда алып барады?» — деп ренжіді кадр сыртындағы әйел.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бұл деректі растады. Видеодағы жанжал 17 ақпанда болғаны, ал баланың ата-анасы кеше арызданғаны мәлім болды.

«Әрине, біз бірден әрекетке кірістік. Іспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Қызметкерлер жазаланады», — деді ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Ведомство мәліметінше, балабақша директоры мен тәрбиеші жұмыстан босатылды, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы («Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша тәрбиешіге қылмыстық іс қозғалды.

Іс білім саласындағы бақылау департаментіне де жолданды, сондай-ақ бүгіннен бастап топтағы балалармен психолог жұмыс істейді.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия