jasqazaq.kz

Өскеменде автобус өртке орана жаздады (видео)

07 қыркүйек 2018, 14:52

Өскеменде жолаушыларға лық толы автобус өртеніп кете жаздады. Оқиға бүгін таңда орын алған. 

  жазғандай, оқиға таңғы 8 сағат шамасында Әуезов және Жеңіс даңғылының қиылысында болған. Қоғамдық көліктің ішінде болған жолаушы Алексей Куропаткиннің айтуынша, автобус кептелісте тұрған кезде, салонының артқы жағы түтіндей бастаған.

– Жолаушылар жүргізушіге есіктерді аш деп айқайлай бастады. Билет ақшаларын қайтару туралы сөз болған жоқ. Адамдар асығыс басқа автобустарға отырып жатты, – дейді ол.

Қалалық жолаушыларды тасымалдау басқармасы орталығының айтуынша, автобус жүргізушісі түтінді тез өшіре қойған. Жапа шеккен ешкім жоқ.

– Автобус аккумуляторының сымдары тұйықталып қалған. Түтін содан шығып отыр, – деп түсіндірді ЖТБО директоры Ернар Мұстафин.

Мұстафинның айтуынша, автобустар күнде таңертең жолға шықпас бұрын тексерутен өткізіледі. Бірақ электр сымдарын күнде тексеріп жатпайды екен. Күн аралатып қана қарайтын көрінеді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді