jasqazaq.kz

Өскеменде арзан бағаға қант сататын алаяқтар пайда болды

11 шiлде 2022, 16:35

Өскемен қаласының тұрғындарын қантты арзанға сататындықтарын айтып алдайтын алаяқтар пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мәліметінше, соңғы уақытта Өскеменде корпорация атын жамылған белгісіз біреулер тұрғындарға қантты арзан бағамен сатып алуды ұсынып қоңырау шалып немесе хабарлама жіберіп жатыр. Олар азаматтарға қантты сатып алу үшін тиісті соманы банк картасына аударуды сұрайды.

«Компания қызметкерлері мұндай заңсыз әрекеттерге бармайды. Сондықтан азаматтарға әркез абай болуды және осындай қоңыраулар немесе хабарламалар түскен жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді сұраймыз», — делінген ақпаратта.

Компания дерегінше, әлеуметтік маңызы бар өнімдер, оның ішінде қант қатаң түрде тұрақтандыру қорының павильондарында және «Ертіс» ӘКК АҚ-мен серіктес дүкендерде сатылады.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр