
Өскеменде криминалдық полиция қызметкерлері 79 қылмыс жасаған әйелді ұстады.
37 жастағы әйел соңғы қылмысын 14 тамыз күні жасады. 27 жастағы тұрғынның автокөлігінің жүк салғышынан көлік саймандарын ұрлап кеткен. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықтап, қолға түсірді. Бұған дейін 78 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған әйел бұл жолғы кінәсін де мойындап отыр.
Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.