jasqazaq.kz

Өскеменде 7 жасар өгей баласын аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды

09 желтоқсан 2021, 13:11

Өскемен қаласында 7 жасар баланы соққыға жыққан ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, медициналық мекемеге миы шайқалып, бет-аузы жараланған бала жеткізілген. Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша бірден тексеру жүргізді. Анықталғандай, баланы анасының 42 жастағы азаматтық некедегі күйеуі ұрып-соққан.

«Бұл отбасында кәмелетке толмаған төрт бала бар. Алайда екеуі ресми түрде некеге тұрмаған. 6 желтоқсанда балалардың анасы жұмысқа кеткен. Ал жұмыс істемейтін ер адам үйде қалды. Кеш оралған әйел ұлының жарақаттарын көріп, учаскелік полиция инспекторына хабарласқан. Бала дереу ауруханаға жеткізілді», — делінген ақпаратта.

Тергеу барысында анасы айтқандай, күйеуі сол кезде мас болған. Қазіргі уақытта ер адамға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылып, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде