jasqazaq.kz

Өскеменде 16 жастағы есірткі курьері ұсталды

06 желтоқсан 2022, 12:08

Өскеменде 16 жастағы бозбала есірткі жасырумен айналысып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұстау барысында одан ұнтақ пен түйіршік түріндегі 77 түйіншек табылды.

«Рефлекс» және «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында облыс орталығында Өскемен қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері интернет-дүкеннің 16 жастағы есірткі курьерін ұстады. Жас тәртіп бұзушының арқа қоржынын тінту кезінде полицейлер ұнтақ және түйіршік түріндегі заты бар, сырты изолентамен оралған 77 түйіншекті тапты. Сонымен қатар ұсталған адамның тұрғылықты жеріне тінту жүргізілді. Онда алдыңғы заттарға ұқсас 106 түйіншек тәркіленді», — делінген полиция мәліметінде.
Жүргізілген сараптама көрсеткендей, күдіктіден алынған 183 түйіншекте 26,95 грамм «альфа-pvp» психотроптық заты және шамамен 37 грамм мефедрон болған.

«Жасөспірім ата-анасының кепілгерлігіне берілді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Есірткі курьерін он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр», — деп нақтылады полициядан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде