12 жастағы облыс орталығының тұрғыны мектепке бармау үшін «мені ата-анам ұрады» деген өтірік ойлап тапқан.
18 қазанда Өскемен қаласының 102 жедел арнасына Нұр-Сұлтан қаласының шұғыл қызметінің психологынан 12 жасар қыздың хабарласқаны туралы хабарлама келіп түскен. Ол әпкесі екеуіне ата-анасы күш қолданып, ұрып-соғатыны туралы хабарлаған. Өскемен қаласы ювеналды полиция тобының қызметкерлерімен тексеру барысында, кәмелетке толмаған баланың мектепке бармау үшін осы оқиғаны ойлап тапқаны анықталды.
«Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған баланың анасы оны қосымша сабақтарға жазып қойған, бірақ кәмелетке толмаған қыз қатысқысы келмегендіктен осы оқиғаны ойлап тапқан. Оқушы қыз шұғыл қызметінің нөмірін әлеуметтік желідін тауып алған», — деп хабарлады Өскемен қаласы ПБ бастығы полиция полковнигі Андрей Мула.
Жасөспіріммен және оның ата-анасымен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары профилактикалық әңгіме өткізіп, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуді ескерті.
zakon.kz