jasqazaq.kz

Өскемен тұрғынының 8 млн теңгесін алдап алған «риэлтор» ұсталды

30 қараша 2021, 14:15

Өскемен қаласының тұрғыны өзін риэлтор ретінде таныстырған алаяққа алданып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына 58 жастағы азамат жүгінген. Оның айтуынша, өзін риэлтор ретінде таныстырған әйел адам пәтер алу үшін алдын ала төлем ретінде 8 млн теңге сұрады. Бұған сенген шаһар тұрғыны сол ақшаны бере салған.

«Алаяқ жәбірленушіге үйді брондауға және қысқа мерзімде мәміле жасасуға қаражат керектігін айтып алдады. Бірақ ақша қолына тигеннен кейін мүлде хабар-ошарсыз кеткен. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 31 жастағы өскемендікті қолға түсірді», — деді басқарма бастығы Андрей Мула.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде