jasqazaq.kz

Өскемен тұрғынынан граната, тапанша мен пышақ табылды

11 қантар 2022, 20:37

Өскемен қаласында полицейлер ер адамды тінту барысында граната, тапанша мен пышақ тапты.

ҚР ІІМ мәліметіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының полицейлері тәртіпсіздік жасаған немесе оған қатысы бар азаматтарды анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізуде.

«Өскемен қаласында тәртіп сақшылары Чехов және Победа көшелерінің қиылысында 34 жастағы азаматты тоқтатқан. Тінту кезінде оның күртеше қалтасынан «ОСА» тапаншасын, гранатаға ұқсас зат пен жиналмалы пышақты тапты. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар жүргізілуде», — делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне (атыс қаруын заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр