jasqazaq.kz

Өскемен тұрғынын пәтерге алдап апарып, зорлаған

04 желтоқсан 2018, 17:33

Өскеменде әйел зорлады деген күдікке ілінген ер адам қызметтік иттің көмегімен ұсталды.

Кеше қала тұрғыны өзін белгісіз еркек пәтерге алдап апарып, ұрып-соққанын, зорлық қылғанын айтып, патрульдік топтың жетекшісі Дулат Трумовқа шағымданған. Оқиға Космическая көшесіндегі үйлердің бірінде болыпты. Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.

Топ жетекшісі оқиға туралы дереу орталық бөлімшеге хабар беріп, күдіктіні іздеуге кіріседі.

«Космическая көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында шағымданушы сипаттаған адамға келетін 50 жастағы еркек тоқтатылды. Тексеру барысында ол 5518 әскери бөлімінің патрульдік тобына бағынбай, қарсылық көрсеткен. Оқиғаны тәптіштеп айтып беруін өтінгенде аула арасымен жалтара қашыпты. Сол сәтте күдіктіні кинолог Мәди Таиевтің қарамағындағы ит ұзатпай ұстап алған», – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз хатшысы Бағдат Амангелді.

Шағымданушы күдіктіні бірден таниды.

Қолға түскен адам қазіргі уақытта Үлбі аудандық полиция бөлімшесінде. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді