jasqazaq.kz

Өскемен тұрғыны итін полицейге айтақтаған

10 қантар 2020, 18:13

Өскемен тұрғыны отбасылық жанжал кезінде итін полицейге айтақтаған,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицияның мәліметінше, облыс орталығындағы аулалардың бірінде жұбайлар арасында ұрыс-керіс болған. Ер адам жанжал кезінде жұбайының бетінен жұдырықпен салып жіберген. Әйелі қорыққанынан «102» каналына хабарласқан. «Аталған мекенжайға екі учаскелік инспектор келген. Олар жұбайларды ажыратпақ болғанда ер адам итін полицейге айтақтаған», — деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметінен. Пульбультерьер полицейдің аяғын тістеген, кейін иығынан қапқан. Осы кезде иттің иесі қашып кетпекке әрекеттенеді, бірақ оны қолға түсіріп үлгерген. Итті зардап шегуші тыныштандырған. Сот Өскемен тұрғынын кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырды. Ол қаупі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болады. Бұдан бөлек, иттің иесі зардап шеккен полицейге 150 мың теңге көлемінде моральдық залал төлеуге міндеттелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде