jasqazaq.kz

Өскемен тұрғыны әйелін үйде өзі босандырып алды

21 желтоқсан 2022, 11:24

Өскемен қаласында ер адам әйелін үйде өзі босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 11 желтоқсан күні болған.

Жүктіліктің 37 аптасындағы әйел кенет толғата бастайды. Сол кезде күйеуі бірден жедел жәрдем шақыртқан.

Алайда медицина қызметкерлері келіп жеткенше диспетчер ер адамға телефон тұтқасын қойғызбай, не істеу керектігін түсіндіріп отырды.

«Диспетчер оған әйелін босандыру үшін кезең-кезеңімен нұсқаулықтар берді. Телефонды дыбыс күшейткішке қойған азамат әр айтқан әрекетті қайталап отырды. Көп ұзамай әйел аман-есен босанып, шақалақтың жылаған үні естілді», — делінген ақпаратта.

Содан соң диспетчер баланы анасының кеудесіне қоюға кеңес берген.

Сәлден кейін жедел жәрдем қызметкерлері де келіп жетті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде